Сербиялықтар Қазақстанның әскери өнімдер шығаратын зауыттарын аралап көрді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Сербия Қорғаныс министрі Вулин Александрмен кездесті. Жүздесу барысында тараптар қазақстан-сербиялық екі жақты әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ сербиялық әскери делегация Қазақстанға сапары шеңберінде отандық қорғаныс-өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап көрді. Сапардың бірінші нысаны электрондық және электрондық оптикалық өнімдер шығаратын «KAE» ЖШС бірлескен кәсіпорны болды. Зауытта түнгі көру құрылғыларының өндірісі және оларға қызмет көрсету, термиялық дәлдеуіштер, тұрақтандырылған қашықтан басқарылатын жауынгерлік модульдер және де басқалардың өндірісі жолға қойылған.

Одан кейін делегация Орталық Азиядағы заманауи брондалған доңғалақты автокөліктер шығаратын «Қазақстан Парамонт Инжиниринг» ЖШС-нің зауытында болды, онда кәсіпорынның минадан қорғайтын күшейтілген броньды машиналар шығаратын инновациялық технологиясымен танысты. Кәсіпорынның жоғары технологиялық жабдықтары жұмыстың толық циклін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандық ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қонақтарға еліміздің өзге де қорғаныс-өнеркәсібі кәсіпорындарының әскери өнімдері таныстырылды. 
null

Ұлттық ғарыш орталығында серб тарабына «КazEOSat» Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің жұмысы, дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі көрсетілді. Салмағы 100 келіден  6 тоннаға дейінгі әртүрлі мақсаттағы спутниктер жасау, сондай-ақ ғарыш аппараттарына арналған және тәжірибелік өндірісі бар Арнаулы конструкторлық-технологиялық бюро үшін жиынтықтауыштар жасау жоспарланған ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенінің құрылысы барысымен танысты.

Бұдан басқа, Сербия делегациясы «Астана EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне барды.

Соңғы жаңалықтар