Сербияда Елбасы мақаласы өзек болған дөңгелек үстел өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 24 сәуірде Белград қаласында (Сербия) Қазақстан Республикасының Елшілігі  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекелестік» атты  Жолдауы мен  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша дөңreлек үстел ұйымдастырды.

null
Дөңгелек үстелге Сербия Халық Скупщинасының депутаттары мен министрліктердің, сондай-ақ  ғылым, білім беру жане мәдениет салаларының өкілдері қатысты, деп хабарлады Сербиядағы елшіліктен.

Іс-шараға қатысушыларға конституциялық реформаның негізгі ережелері мен халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша елімізде атқарылып жатқан оңды істер туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді. Мемлекет басшысы ұсынған реформа еліміздің халықаралық қоғамдастыққа енуіне, сондай-ақ Қазакстан азаматгарына ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттердің бизнесмендері үшін де мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал ететіні атап өтілді.
null  

Өз тарапынан мәдениеттану докторы Ваня Йованович Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен тарихын жаңғыртуға, отансүйгіштік рухты нығайтуга және жастар арасында білім мен прагматизм культін насихаттауға бағытталған Мемлекет басшысының сындарлы саясатын оң бағалады. Сондай-ақ ол Қазақстанның атақты жазушыларының еңбектерін БҰҰ тілдеріне аудару бойынша жобаны жүзеге асырудың шетелдік оқырмандарға Қазақстан әдебиеті туралы көбірек білуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Танымал серб экономисі Любомир Маджар еліміздің әлемдік нарықтық қатынас жүйесіндегі Қазақстан басшысы таңдаған экономикалық бағдардың тиімділігін, келелі табыстарға негіз болғанын атап айтты.

Соңғы жаңалықтар