Сербия мен Ресей әртістері жаңа қазақстандық фильмге түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақфильм «Жағалау» атты жаңа көркем фильмді түсіру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Киностудия «Сталкер Синема» ЖШС бірлесе отырып жұмыс атауы «Жағалау» («Күнбағыс») атты жаңа толықметражды көркем фильмді түсіруді қолға алды. Режиссері - Эля Гильман.
null 

Расул Шыбынтайдың сценариі бойынша түсірілетін бұл фильм қарапайым отбасы туралы, сонымен қатар үлкендердің ісіне араласып, олардың проблемаларын шешпек болған 13 жастағы жасөспірімнің өмірін баяндайды. 
null 

«Бұл күнде барлығымыз жұмыс істеп, ақша табудан қолымыз босамайды. Қолымыздан келгенше өз балаларымызға ең жақсыны алып беруге тырысамыз, мысалы ең жақсы телефон, әдемі киім, тіпті жақсы мектепке орналастыруға бар күшімізді саламыз. Алайда,біз балаларымызға ата-аналық махаббатымызды қаншалықты беріп жатырмыз? Фильмде осы мәселе талқыланады. Бұл туынды ересектерге арналады», - деді фильмнің режиссері Эля Гильман.
Режиссерінің айтуына қарағанда фильмнің желтоқсан айына дейін дайындық кезеңінде түсіру тобы жасөспірімдер арасында кастинг өткізіп, интерьерлік және экстерьерлік локацияларды таңдап, өтпелі кезең көріністерін түсіріп үлгерген.
null null 

«Фильмнің басты кейіпкері - 13-жасар ұл баланы ұзақ іздедік. Бұл рөлге кейіпкерді үш ай бойы іріктедік. Өтпелі кезеңнің көріністерін түсіруге бір апта қалғанда, Рашид Мусин есімді баланы тауып, бірден осы рөлге бекіттік», - деді режиссер.
null null 

Эля Гильманның айтуына қарағанда, фильмде әкенің рөлін сомдауға қазақстандық танымал актер Еркебұлан Дайыров бекітілген. Ал оның досын талантты актер Жандос Айбасов ойнайды. Ана рөліне сербиялық актриса Слобода Мичалович және ұстаздың рөліне ресейлік актер Кирилл Кяро шақырылған.

2018 жылдың қаңтар айында «Жағалау» фильмінің түсіру жұмыстары жалғасады. Барлық түсірілімдер Алматы қаласында өтеді. 
null null null 

Соңғы жаңалықтар