«Sensitive» ансамблінің бишілері Болгариядан жеңіспен оралды

None
None
АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - «Sensitive» бал билері ансамблінің ересектер тобы Болгариядан Қазақстанға жеңіспен оралды.

Бұл туралы «Жұлдызай» қайырымдылық қоры хабарлады.

«Sensitive» бишілері қанды қыздыратын испан биін, Ча-ча-ча әуендерін орындап, көрермендерінің сүйіспеншілігіне бөленді және елуден астам байқауға қатысушылардың арасында топ жарды.

Халықаралық қазылар алқасы, ең бастысы, көрермендер ұжымның өнеріне қошеметпен қол соғып, бірінші орынға лайық деп таныды. Ансамбль қатысушылары өз ісін сүйетін нағыз кәсіпқой ретінде көрсетіп, Қазақстанға жеңіспен оралды.

Соңғы жаңалықтар