Сенбіде Қазақстанда кей жерлерінде жел күшейіп, көктайғақ болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 қарашада антициклонның әсеріне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, тек елдің батысы, шығысы және солтүстігінде жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20 м/с-ге  жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, түнде және таңертең көктайғақ болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар