Сенбіде еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 қаңтарда метеорологиялық жағдай Қазақстанның жеті қаласының атмосферасында зиянды заттардың жинақталуына ықпал етті. Бұл жайында «Қазгидромет» РМК-нан мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін қолайсыз метеорологиялық жағдай Ақтөбе, Астана, Атырау, Жезқазған, Қостанай, Қызылорда, Шымкент секілді қалалардың атмосферасында ластаушы заттардың жинақталуына әсер етеді.

Айта кетерлігі, осы жылдың басынан «Қазгидромет» РМК қолайсыз метеорологиялық жағдай болжамын жария ете бастаған болатын.

Белгілі болғандай, сенбі күні Ақтау, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен қалаларындағы метеорологиялық жағдай атмосферадағы зиянды заттардың сейілуіне септігін тигізді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай болжамы - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар