Сенбіде ел аумағында жаңбыр жауып, жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан территориясының басым бөлігінде, атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты, кей жерлерде жаңбыр жауып, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстіктің және батыстың кей жерлерінде тұман болады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып,  жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында, түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар