Сенбі күні елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 29 сәуір күні республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста нөсерлі жаңбырлар күтіледі, тек  батыс аймақтарда күн райы жауын-шашынсыз болады.

Республиканың кей жерлерінде найзағай, тұман, екпінді жел күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Атап айтқанда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарында бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында тұман болжанады.

Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстарының жекелеген аумақтарында желдің екпіні 15-20 м/с дейін артады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде түнде топырақ бетінде үсік сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар