Сенаттың Халықаралық қатынастар комитетіне жаңа хатшы сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жаңа хатшы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі кеңейтілген отырыста комитет хатшысын сайлаймыз. Өздеріңіз білесіздер, Дархан Кәлетаев Үкіметке үлкен жауапты қызметке барды. Осы орайда енді Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Төлеубек Мұқашевты хатшы ретіндегі кандидатурасын ұсынып отырмын», - деп тоқталды аталған комитеттің төрайымы Дариға Назарбаева.

Өз кезегінде комитет құрамындағы сенаторлар бұл ұсынысқа бірауыздан қолдау білдіріп, Төлеубек Төлеуұлы Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы болып бекітілді.

«Біздің комитеттегі азаматтар не зейнеткерлікке шығады немесе өседі»,-деп қосты Дариға Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Елбасының Жарлығымен Дархан Кәлетаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар