Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -17 °С
Алматы: -7 °С
USD 335.05 EUR 395.12
RUB 5.66 CNY 50.64
Жаңалықтар

Сенаторлар Ұлттық Ұлан мен Шекара қызметін қаржыландыру мәселесін көтерді

2017 жылғы 7 желтоқсан 15:13 952
Поделиться:
Сенаторлар Ұлттық Ұлан мен Шекара қызметін қаржыландыру мәселесін көтерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының жалпы отырысында бірнеше депутаттың  ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған сауалында  Ұлттық Ұлан, Шекера қызметін қаржыландыру саласындағы мәселе көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үстіміздегі жылдың  қарашасында ҚР Қорғаныс министрлігінде Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өткен болатын. Оның барысында Әскери доктрина, Тұжырымдама, Қарулы Күштердің және Қазақстан Республикасының басқа әскери жасақтарының құрылу Жоспары мен дамуы талқыланды. Талқылау барысында, шараға қатысушылар Қарулы Күштердің және Қазақстан Республикасының басқа әскери жасақтары жабдықталуының бірыңғай үрдісін даярлау керектігін айтты. Заңнамалық тұрғыда осы салада соңғы жылдары көп мәселелер өз шешімін тапқанын атап өту керек. Соның ішінде, жалпы әскери азық мөлшері белгіленіп, келесі жылдан бастап арнаулы баспаналық төлемтетігі арқылы барлық әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтудың жаңа моделі енгізіледі», - деп тоқталды сенатор Нұржан Нұрсипатов.

«Бірақ қазіргі таңда Ұлттық Ұлан, Шекара қызметі, азаматтық қорғау қызметтері басқа мемлекеттік органдардың құрамында болғандықтан, Қарулы Күштердің қаржылық жүйесінен тыс қалып отыр. Өйткені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында осы құрылымдар басқа әскери құрамалардың қатарында болып есептеледі, сол себепті олардың қажеттіліктері жүйелі түрде қаржы жетіспеушілігіне душар болып отыр», - дейді депутат.

Осыған орай қоғамдық тәртіпті күшейту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, террорлық актілердің алдын алу, анықтау және болдырмау жұмысының тиімді жүйесін дамыту мақсатында тиісті шаралар ұсынылды. Біріншіден, бюджеттік кодекске Ұлттық Ұлан, Шекара қызметі, азаматтық қорғау қызметтері қаржыландыруының дербес шығын лимитін қарастыратын өзгерту мен толықтырулар енгізу ескерілген. Екіншіден, Қарулы Күштердің және Қазақстан Республикасының басқа әскери жасақтарын қаржыландыру жалпы ішкі өнімің 1 пайызынан кем болмауын заңнамалық деңгейде міндеттеу ұсынылды.

«Бұл шаралар тек қана Қарулы Күштер емес, сонымен бірге Ұлттық Ұлан және Шекара қызметінің қаржылық, материалдық- техникалық қажеттіліктерінің кепілді орындалуын қамтамасыз етеді», - деп түсіндірді Н. Нұрсипатов.

 

 


Басты сөздер: Сенат, ҚР Үкіметі, Қаржы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
Мұрағат