Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -21 °С
Алматы: -7 °С
USD 319.42 EUR 400.04
RUB 5.66 CNY 50.35
Жаңалықтар

Сенаторлар Үкіметтен криптовалюталарды құқықтық алаңға тезірек енгізуді сұрады

2018 жылғы 15 ақпан 13:27 428
Поделиться:
Сенаторлар Үкіметтен криптовалюталарды құқықтық алаңға тезірек енгізуді сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаттары криптовалютамен сауда жасаған азаматтардың мүліктік құқығы мен еркіндігінің қорғалуын қамтамыз ету мәселесін көтерді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық банк криптовалютаға қатысты өз ұстанымын жариялады Криптовалюта нарығы ипотека сияқты ушығып кетуі әбден мүмкін - депутаттар

Сенатор Дулат Құсдәулетов палатаның жалпы отырысында ресми түрде ақша бірлігі ретінде қолданылмайтын криптовалюталардың айналымын реттеп отыратын құқықтық база жоқтығын Премьер-Министр мен Ұлттық банк басшысының есіне салды.

«Алайда қазіргі уақытта криптавалюталарды қолдану бойынша біздің елде айтарлықтай қызығушылық пайда болды. Ол инвестиция сала отырып, тезірек пайда табу үшін қолданылады. Тіпті Қазақстан азаматтарының азаматтық-құқықтық келісімді криптавалюталар арқылы жасау жағдайы - мүлікті немесе автокөлікті, өндірістік нысандарды сату-сатып алу жағдайлары тіркеліп отыр. Бірақ, криптавалюталар шынайы активтермен қамтамасыз етілмеген. Тұрақты бағасы немесе қайтарым жағынан ешқандай жауапкершілігі жоқ. Сәйкесінше, салынған инвестицияның сақталатыны туралы кепілді ешкім бермейді», - дейді депутат.

Оның айтуынша, криптавалюталардың айналымын құқықтық тұрғыда реттеудің жоқтығынан оған мемлекеттік бақылау немесе есеп жүргізілмейді. Ал бақыланбайтын дүние ел ішінде бірқатар жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелерді туындатуы мүмкін.

«Криптавалюталар пайдаланылуына тыйым салынған нысандар, қару немесе есірткі, емдік дәрілер бойынша операцияларда қолданылуы мүмкін. Криптавалюталардың айналымы қылмысқа әкеп соқтырып, ұлттық валютаның бір бөлігі көлеңкелі айналымға жұмылдырылуы ықтимал», - дейді депутат.

Сенатордың мәлімдеуінше, аталған мәселелер ұлттық қауіпсіздік, қаржы жүйесі үшін әлеуетті қауіп туындатып, алаяқтыққа соқтыруы мүмкін. Осыған байланысты депутат желіде мемлекеттік кірістер органдары ресурсын қолдана отырып, «астыртын майнинг» жағдайы анықталғанын еске салды.

«Қылмыстық заңнамада да осы саланы қарастыру керек. Осыған байланысты криптовалюталарды қолдануды реттеу бойынша қабылданатын шешімдердің ең бірінші кезекте керектігін атап өткіміз келеді», - дейді депутат.

 

 


Басты сөздер: Парламент, Қаржы, Экономика,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат