Сенаторлар «Бүркіт» жасағының жауынгерлік дайындығын көрді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған сенаторлар мемлекет және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР Ұлттық ұланының Алматы облысындағы әскери құрылымдарында арнайы іссапармен болып, әскери бөлімшелердің тыныс-тіршілігімен танысты.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі басшысы Арман Әубәкіровке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

null 

 Көшпелі кеңесте кұрамында Талғат Мұсабаев, Дархан Қалетаев сынды депутаттар бар сенаторлар Алматы облысы Заречный кентінде орналасқан Қазақстан Республикасы ІІМ Арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жауынгерлік және әдістемелік дайындығына арналған орталықтың жұмысымен танысты.

 Кездесу барысында Қазақстан РеспуликасыҰлттық ұланы Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Фатихұлы Жақсылықов депутаттарды арнайы мақсаттағы бөлімшелердің дайындығымен, сондай-ақ олардың шеберлігін пысықтайтын Орталық жұмысымен және оның жоспарымен таныстырады.

null 

 Сенаторлар өңірдегі қорғаныс жүйесін жетілдіру мен күш-қуат органдарының әлеуетін арттыру бағыттарын талқылады.

 Іссапар барысында сенаторлардың назарына техниканың, қару-жарақ пен қорғау құралдарының жаңа үлгілері, сондай-ақ аса жауапты жауынгерлік-барлау тапсырмаларын орындауға міндеттелген «Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасағының жауынгерлік дайындығын арттырудағы жаңа заманауи әдіс-тәсілдер көрсетілді.

null 

 Айта кетейік, 2016 жылы 29 сәуірде Алматы облысы Заречный кентінде Елбасы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жауынгерлік және әдістемелік дайындығына арналған Орталығы салтанаты түрде ашылған болатын.

Мұнда 500 адамға арналған казарма, 400 орынға арналған клуб, заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған 250 орындық асхана, 36 пәтерлі жатақхана, медициналық пункт, 2қабатты спорт кешені, спорт алаңдары, саптық алаң, кинологиялық қалашық, автотехника паркі, монша-жуу комбинаты, жылыту қазандығы, тауар-материалдық құндылықты сақтауға арналған қоймалар, ішкі қарауыл ғимараты және бақылау-өткізу пункті бар.

null null 

Соңғы жаңалықтар