Сенаторлар бір күндік жалақысын «Шын жүректен» телемарафонына аударады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев әріптестеріне бір күндік жалақыларын «Қазақстан» телеарнасында басталған «Шын жүректен» қайырымдылық телемарафонына аударуды ұсынды.

«Бүгін Мемлекет басшысы бастама жасап, Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдау көрсеткен «Шын жүректен» қайырымдылық телемарафоны өтеді. Бұл мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге арналған қайырымдылық шарасы. Сондықтан қарсы болмасаңыздар Сенат депутаттарына бір күндік жалақыларын қорға аударуды ұсынамын», - деді Сенат Төрағасы.

 Айта кетейік, қайырымдылық телемарафонын коғам қайраткерлері, депутаттар, ақын-жазушылар, спортшылар, дәрігерлер мен ауыр науқасын жеңгендер қолдады. Ал Қостанай, Өскемен, Орал, Тараз және Алматы қалалары тікелей эфирге қосылады.

Жоба біріші рет ұйымдастырылып отырған жоқ. 2016 жылдың сәуір айында алғашқы «Шын жүректен» аса ауқымды қайырымдылық телемарафоны жүзеге асырылды. Үшкүндік телемарафон қорытындысы бойынша шамамен 41 миллион теңге жиналды, ал көмекке зәру балалардың барлығының есепшоттарына 700 мың теңгеден аударылды.  Қауырт желі, интернет-портал және әлеуметтік желідегі арнайы парақша арқылы 1000-нан астам өтініш түсті.

Соңғы жаңалықтар