Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -11 °С
Алматы: 8 °С
USD 319.65 EUR 393.33
RUB 5.67 CNY 50.47
Жаңалықтар

Сенатор мал ұрлығын ауыр қылмыс санатына жатқызуды ұсынды

2018 жылғы 15 ақпан 11:23 928
Бөлісіңіз:
Сенатор мал ұрлығын ауыр қылмыс санатына жатқызуды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мал ұрлығын ауыр қылмыстар санатына жатқызған дұрыс. Бұл жайында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегеновтің Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған депутаттық сауалында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«Төрт ағайынды» ісі: Ағып жатқан мұнайды сатып, ақша таппақ болған Арнайы операция барысында ұсталған қырғызстандық депутат Қазақстан азаматы болып шықты

«Соңғы үш, 2015-2017 жылдары 65 мыңнан астам мал ұрланған. Осы мерзімде мал ұрлағаны үшін ұсталған 50 мыңнан астам адамның жартысына жуығы - бұрын ұрлық жасағандар. Осыған қармастан қылмыстық істі қарау кезінде ақталмайтын негіздер және тараптардың татуласуы бойынша 21158 қылмыстық іс немесе 40 пайыздан астамы тоқтатылған. Адамдар қылмыстың бұл түріне қатысты құқық қоғау органдарының іс-әрекеттері мен сот актілерінің тиімділігі, пәрменділігі төмен дейді. Олардың пікірінше, жағдайдың мұндай болуына қолданыстағы қылмыстық заңнаманың әлсіздігі себеп. Сондықтан ҚР Қылмыстық кодексінің ұрлыққа қатысты 188 бабының мал ұрлығына байланысты бөлігін саралап, жазаны күшейту бағытында өөзгерістер мен  толықтырулар енгізу керек деп есептейді», - дейді ол.

Депутаттың атап өтуінше, қоғамда мал ұрлығын жасағандардың тергеу кезінде бостандықта жүруі, оларда бас бостандығынан айырудан бөлек жеңіл  жазаның тағайындалуы мал ұрлығына тосқауыл бола алмайды деген ой қалыптасқан. Қылмыскердің жәбіленушіге келтірген залалды өтеу арқылы жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату  нормасының көлеңкелі тұстары бар. Түгелдей болмағанымен көп жағдайда татуласу тікелей немесе қорқытып үркіту, жәбірленуші үшін маңызды факторларға қысым жасау арқылы жүреді. Залал көп жағдайда ұрланған малды  сатудан түскен қаржы есебінен өтеледі. Сондықтан бұл ұры үшін экономикалық ауыртпалық емес.  Шалғай ауылдарда тұратын  жәбірленуші үшін аудан орталығына тергеу және сот процестері үшін бірнеше рет келіп кету ауыртпалық тудырады. Сондықтан олар бұл қиындықтардан қашып, жоғалған 1-2 мал басы үшін шағымданбайды.

«Ауыл, әсіресе шалғайда орналасқан елді мекендер тұрғындары үшін мал дәулет пен байлықтың  белгісі емес. Бұл адамдар үшін мал өмір сүрудің, күнкөрісінің, тіршілік жасауының жалғыз көзі. Бұл бүгінгі күннің ақиқаты. Сондықтан түйе, сиыр, жылқы сияқты ірі қара малын айтпағанның өзінде бір-екі бас қойының қолды болуы адамдар үшін үлкен материалдық шығын, орасан зор психологиялық салмақ. Мал ұрлығы кәсібін мал шаруашылығымен байланыстырған кәсіпкерлер үшін де үлкен мәселе. Бұл мал шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың толық жүруіне зиян келтіретін қасақана әрекет. Осы тұрғыдан алғанда мал ұрлығы қоғамдық  қауіптілігі жоғары қылмыс. Сондықтан мал ұрлығының алдын алу, осы саладағы  қылмыстың қайталануын болдыртпау, жазаның әлеуметтік әділеттілігін қамтамасыз ету мақсатында мал ұрлығын ауыр қылмыстар санатына жатқызған дұрыс», - деді Еңсегенов.

Оның айтуынша, бұл бағытта көрші мемлекеттердің заңнамаларын зерделеу қажет. Мәселен, Қырғыз елінде мал ұрлығы жеке бап ретінде қарастырылған. Осыған байланысты депутат Үкімет басшысынан  тиісті мемлекеттік органдарға мал  ұрлығына байланысты заңнаманы жетілдіру туралы тапсырма беруді ұсынды.

 

 


Басты сөздер: Сенат, Қылмыспен күрес,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат