Сенатор автомектептерде міндетті оқыту талабын қайтару мәселесін талқылауға салмақ

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «ҚР Көліктік құрал жүргізушілері одағының» Павлодардағы филиалының төрағасы Сәрсембек Әпсалықов, 2016 жылдан бастап автомектептерде міндетті оқыту талабының алынып тасталуына қарсы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа ережелерге сәйкес, егер адам ҚР жолда жүру ережелерінің теориялық және практикалық негіздерін тиісті деңгейде меңгерген болса, ол автомектептерде оқымай-ақ, арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, жолда жүру ережелері теориясы мен практикасына қатысты емтихан тапсырып, жүргізуші куәлігін ала алады. 

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Асхат Күзековтің азаматтарды жеке қабылдауы барысында, «ҚР Көліктік құрал жүргізушілері одағының» Павлодардағы филиалының төрағасы жолдағы қауіпсіздікке алаңдаушылық білдірді.

«Мұндай жаңашылдық біздің және автомектептердің бюджетіне ғана емес, сонымен қатар жолдағы қауіпсіздікке де нұқсан келтіреді. Егер біз бұрын оқыту барысында ережелермен бірге, көліктің негізгі бөлшектері туралы білім берген болсақ, қазір адамдар ол турасында тіпті хабарсыз болып қалды», - дейді Әпсалықов.

Оның ойынша, бұрынғы ережеге қайта оралу маңызды.

Сенатор, өз кезегінде, аталмыш сауалға алаңдаушылық танытып отырғанын және алда оны жаң-жақты қарастыруға уәде етті.

«Мен сізді жақсы түсінемін. Ондай проблема бар. Мен Астанада сіздердің басшылықпен осы сауал бойынша кездесетініме уәде етемін. Сонымен қатар бұл мәселе парламенттік комиссияларда талқыға салынады», - деді Күзеков.

Соңғы жаңалықтар