Сенат төрағасының орынбасары Сырдария ауданында кездесу өткізді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров, сенаторлар Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов жұмыс сапарымен Сырдария ауданына келіп, аудандық мәдениет үйінде аудан активімен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Кездесуді аудан әкімі Ғанибек Қазантаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, аудандық  мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудан әкімінің орынбасарлары Б.Лекеров, Б.Өтегенов, Е.Ахетов, мекеме басшылары, ауданның зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ардагерлер, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде ҚР Парламенті Сенатының төрағасының орынбасары Б.Бекназаров Парламент қабылдаған заңдардың мазмұны туралы баяндама жасап, рухани жаңғыру, ұлттық құндылықтарды сақтау мен қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар сенаторлар кездесуге қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар