Сенат төрағасының орынбасары қытайлық әріптесімен кездесті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Сергей Громов Бейжіңде Халық өкілдері бүкілқытайлық жиналысы (ХӨБЖ) Тұрақты комитеті (ТК) төрағасының орынбасары Чжан Пинмен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің Қытайдағы меншікті тілшісі.

«Біз парламентаралық байланыстар мен экономикалық интеграция, өзара инвестициялар салу мәселесін қозғадық. Бүгін мұнда екі елдің кәсіпкерлерінің қазақстан-қытай форумы өтіп жатыр. Си Цзиньпиннің «Бір белдеу-бір бағыт» бастамасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасымен үндеседі. Соңғы бірнеше жылдың өзінде ғана бізде 2,5 мың км теміржолдар, 4 мыңнан астам км автомобиль жолдары салынып, бірқатары қайта жөндеуден өтті. Қазақстан Жібек жолы бойында, Батыс Қытайдан Батыс Еуропаға қарай апаратын жол бойында өте тиімді орналасқан. Сол себепті біздің бағдарламаларымыз бірлесіп, жатса, одан бізідің ұтарымыз көп»,-деді С.Громов қазақстандық журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзінше, Қытай тарапының шақыртуымен ҚР Парламентінің бір топ сенаторлары Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданы мен Гуанчжоу қаласы және оңтүстікқытайлық Гуандун провинциясында болды.

Соңғы жаңалықтар