Сенат төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының байқаушыларын қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар миссиясы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Тоқаев Парламент Сенаты сайлауының мониторингіне қатысқаны үшін алғыс айта отырып, ТМД байқаушылар миссиясының едәуір өкілетті және сайлау мониторингінде мол тәжірибесі бар екенін атап өтті.

Делегация басшысы, Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Ильяс Умаханов делегация құрамында бес ел өкілдерінің болатынын, олар Астана, Қарағанды және Көкшетау қалаларындағы сайлау барысын бақылайтынын айтты.

«Сенат депутаттарын сайлайтын бұл саяси сәттің маңызы жоғары екенін біз жақсы түсінеміз», - деді И. Умаханов.

Сенат төрағасы байқаушыларды ағымдағы сайлау науқанының ерекшеліктері туралы хабардар етті.

«Парламент Сенатының депутаттығына 89 үміткер ұсынылып, оның 38-і тіркелді», - деді Қ.Тоқаев.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастық туралы пікір алмасты.

Сұхбаттасушылардың айтуынша, заңнамалық қызметтің тәжірибесімен жедел бөлісуге, ұлттық заңнаманы жақындату бойынша тиімді жұмысты ұйымдастыруға парламентаралық ынтымақтастық үлкен мүмкіндік береді.

«ТМД ПАА - біздің парламентшілер жіті назар аударып отырған өзара байланыстың маңызды құралы, ірі парламенттік орган», - деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар