Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Валентин күніне қарсылық білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттердегі жеке парақшасында «Әулие Валентин күніне» қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенат спикері: «Əулие Валентин күні Батыстан келген, еліміздің болмысына және салт-дәстүріне мүлдем қарсы болып тұрған ұғым. Жастарымыз осыны түсіну керек»- деп жазды өзінің Твиттердегі парақшасында.

Еске салайық, Әулие Валентин күні немесе Ғашықтар күні әлемнің көптеген елдерінде 14 ақпан күні атап өтілетін мереке. Оның Қазақстанға және басқа да ТМД елдеріне келген кезі - тоқсаныншы жылдардың басы.

Христиан діндарларының аңыздарында үш Валентин туралы айтылады. Біріншісі - Рим императоры Юлий Клавдийдің сарбаздардың үйленуіне тыйым салған заңын бұзып, некелескені үшін өлім жазасына бұйырылған адам. Осы оқиғадан 200 жыл өткеннен кейін екінші император Геласиустің шешімімен «Әулие Валентин» күні мерекеленген.

Екінші бір діни аңызда Валентиннің дін қызметкері екендігі, христиандарға көмектескені үшін түрмеге қамалғаны, осында жатып оның түрме қызметкеріне ғашық болғаны, оның жазаға тартылып, басының шабылғандығы айтылады.

Ал енді үшінші Валентин ешкімге ғашық болмаған. Христиан дінінің қызметкері болған, оның не үшін жазаланғаны белгісіз. Тек ол өлім жазасына кесілгеннен кейін «Әулие» деп жарияланған.

Соңғы жаңалықтар