Сенат Конституциялық Кеңестің жаңа мүшесін сайлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Рахмет Мұқашев ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Рахмет Желдібайұлы Мұқашев 1956 жылы туған, жоғары құқықтық білімі және заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар. Еңбек жолын 1977 жылы Қарағанды қаласында КСРО ІІМ - Қазақ КСР ІІМ ішкі істер органдарында бастаған. 1988-1992 жылдары КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі кафедрасының басшысы болған.

1990 жылдан 1995 жылға дейін ҚР Жоғары Кеңесінің депутаты, Жоғарғы Заңнама, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары болған. 2005-2006 жылдары Әділет бірінші вице-министрі, Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы. 2001-2016 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің төрағасы. 2016 жылдан бастап «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Конституциялық Кеңес мүшесі Ұбайдолла Стамқұловтың өкілеттігі тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар