Сенат кейбір конституциялық заңдарға түзетулерді қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Әділет министрлігі сот жүйесі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметі, Конституциялық Кеңес және мемлекеттік рәміздер мәселелерін одан әрі жетілдіру мақсатында Конституциялық заң жобасын әзірледі. Заң жобасы 6 конституциялық заңға түзетулерді көздейді», - деп атап өтті Әділет министрі Марат Бекетаев өз баяндамасында.

Сот жүйесін жетілдіреге тоқталсақ, облыстық сот судьясы лауазымына кандидат үшін жазбаша кепілгерлікке облыстық сот судьялары қол қоятын болады. Егер конкурсқа басқа облыстың судьясы қатысса, онда жазбаша кепілгерлікке Жоғарғы Соттың судьясы қол қояды.

Бұдан бөлек, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық Заңына тиісті өзгерістер көзделген. Бұл ретте еліміздің Конституциясына сәйкестендіру мақсатында Астана қаласының шегіндегі аумақта қолданылатын ерекше құқықтық режім қаржы саласында екені нақтыланады. Орталықтың органдары ретінде орталықты басқарушы және халықаралық төрелік орталығы қосылады.

«Орталыққа бөлінген бюджет қаражатын пайдалануды бақылау тәртібін Қаржы министрлігі мен Орталықтың басқарушысы бірлесіп жүзеге асыратын болады. Орталық сотының төрғасы мен судьяларын басқарушының ұсынысы бойынша Елбасы тағайындап, қызметінен босатады», - деді министр.
-0-

Соңғы жаңалықтар