Семсерлесуден Италиядағы турнирден «қола» бұйырды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда семсерлесуден өткен «Trofeo Carroccio» 42-ші турнирінде ел намысын қорғаған  спортшы  Руслан Құрбанов қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетіне сілтеме жасап.  

Руслан венгриялық Андраз Редлиге жартылай финалда есе жіберді. Оның еншісінде 4 жеңіс бар. Ол француз Александр Бардэнэні (есеп - 15:14), ирандық Мохаммед Резай Тадиді (15:13), кореялық спортшыны (15:13) және жапондық Ямада Масаруды (14:11) тізе бүктірген болатын.

Бұл Русланның Әлем кубогы кезеңіндегі жекелей сын бойынша иеленген алғашқы медалі.

Айта кетейік, Руслан Құрбанов болашағынан үлкен үміт күттіретін спортшы. Ол Азия чемпионатының алтын медалін, Татарстанда өткен универсиаданың «күмісін» иеленген. Ерлер арасында өткен әлемдік біріншілікте 1/8 финалға дейін жетіп, 215 спортшының арасында 14-орынға тұрақтады. Қазір Руслан әлемдік рейтингтің  16-шы орнында тұр.

 

Соңғы жаңалықтар