Семейліктер Елбасы бастамасын талқылады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейліктер Елбасының «Бес әлеуметтік бастама» бағдарламасын талқылады. Қала жұртшылығының қатысуымен өткен жиында тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері мен жатақхана мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға Семей қаласы әкімінің орынбасарлары Надежда Шарова мен Николай Ушаков, Техникалық жане кәсіптік білім беру жүйесінің өңірлік Кеңесінің төрағасы Оралхан Сартаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев, Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының заң қызметі және салық заңнамасына түсініктеме беру бөлімі басшысы Шырын Әмірханова және «Даму» қоры филиалының өкілі Анастасия Шестаева қатысты. Жиында аса талқыланған тақырып ипотекалық тұрғын үй және сырттан келген студенттер үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі болды.

Қала әкімінің орынбасары Николай Ушаковтың сөзінше, нормативтік-құқықтық актілерге өзгерту еңгізу керек болғандықтан жаңа бағдарлама шілде-тамыз айларында әзірленеді.

«Көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы бізде Қарағайлы ықшам ауданында жүріп жатыр, 43 жоба әзірленген, 6 үй салынды, 8 үй құрылыс барасында. Барлығы 98 көп қабатты үй, әлеуметтік және мәдени объектілер құрылысына 147 га. аумақ бөлінген»,-деді ол.

Сондай-ақ, Семейде студенттер үшін жатақхана мәселесі өзекті. ТжКБ жүйесінің өңірлік Кеңесінің төрағасы Оралхан Сартаевтың айтуынша, қазірде қаладағы жатақханалардың біразы пайдаланылмағандықтан қаланың көптеген колледждері жатақханасыз қалған.

«Мысалға, Электротехникалық колледж ғимараты бұзылған, ал Музыкалық және Бизнес-колледж жатақханасы қонақүйге айналған»,-деді Оралхан Сартаев.

Бүгінгі күні Семейде 16 мың студент басқа қалалардан келіп білім алып жатқан көрінеді. Солардың тек 20% ғана жатақханада тұрады. Ал қалғандары туыстарының үйінде, пәтер немесе бөлме жалдап тұруға мәжбүр. Сондықтан жаңа жатақхана салу, ескі ғимараттарды қайтару немесе қайта жаңарту жұмыстары қолға алынбақ.

Соңғы жаңалықтар