Семейлік өлкетанушылар қаланың негізін салған азаматқа ескерткіш орнатуды ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ертіс маңы» өлкетану қоғамының мүшелері әкімдікке қаланың негізін қалаушы Иван Григорьевич Андреевке ескерткіш орнату өтінішімен жүгінді. Ол қазіргі қала тұрған жерге алғаш рет 1776 жылы келген. Қазіргі Семейдің нақты қай жерге салынатынын белгілеген. Қаланың іргетасы бұрынғы будда храмының жанына қаланды, ол жер кейіннен «Семь палат» деп аталып кетті, деп жазады semeyainasy.kz.

«Үстіміздегі жылдың 11 қыркүйегінде «Ертіс маңы» өлкетану қоғамының төрағасы Марат Сасанов қала әкімдігіне Семипалатинскі қамалының шекарасына Иван Андреевтің ескерткішін салу өтінішімен келген. Хатты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қарап, ескерткіштер орнату және ескерткіш өнері құрылыстарымен айналысатын облыстық органға жіберген», - дейді мәдениет бөлімінің маманы Қуат Киікбаев қоғамдық кеңестің отырысында.

Иван Андреевтің портреті сақталмағанын ескерсек, қаланың негізін қалаушының келбетін ұқсату қиынға соғады. Соған қарамастан, мүсіншілер тарихи анықтамалар мен мұрағат мәліметтердің негізінде оның «салуы» мүмкін.

Соңғы жаңалықтар