Семейдегі су тасқыны Түйемойнақ аралына зақым келтірді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында болған су тасқынының салдарынан «Өлімнен де күшті» мемориалды кешені мен «Бейбітшілік стелласы» орналасқан Түйемойнақ аралы зақымданған. Бүлінген жерлер қазір мәдени орынның көркін кетіріп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Су тасқынынан мұндағы жаяу жүргіншілер тасжолы бүлініп, жарық жүйесі істен шыққан. Енді қайта қалпына келтіру үшін жұмыстар қолға алынған. Семей қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Назгүл Жақыпбекованың сөзінше, жөндеу жұмыстары шілде айына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал бүлінген жолдарға кімнің кінәлі екені белгісіз. Болжам бойынша су тасқыны кезінде ауыр жүк көліктері жүрген.

«Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр. Мамандар қорытынды сметалық құжат дайындап жатыр. Менің ойымша, шілде айына дейін жөндеу жүмыстары толық аяқталады»,-деді Назгүл Жақыпбекова.

Соңғы жаңалықтар