Семейде тұрғындарға 1 млн теңге шығын келтірген ұры ұсталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде полиция қызметкерлері қоғамдық көлік ішінде қалта ұрлығымен айналысып келген 25 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмыссыз азамат бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін істі болған. Қазір ұрланған заттардың кейбірі тәркіленіп, иелеріне қайтарылған.

Қалта ұрысы қылмыстық әрекетін көп жағдайда  таңертеңгі уақытта жүзеге асырып келген. Адам көп кезде қалтадан білдіртпей бағалы заттар мен ақшаны жымқырып кетіп отырған. Әсіресе, студенттер мен мектеп оқушыларын сан соқтырып келген.  Бүгінгі күнге дейін 12 ұрлық әрекетіне қатысы бары анықталды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ал  келтірілген жалпы шығын көлемі - 1 млн теңге.

«Жедел іздестіру шаралары кезінде Әуезов полиция бөлімінің қызметкерлері азаматты қолға түсірді. Қазір оның үстінен ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-тармағы бойынша іс қозғалды.

Әккі ұры көбіне ұялы телефондарды қолды етіп кетіп отырған. Мысалы, №56 маршут ішінде 63 жастағы қала тұрғынынан  құны 300000 мың теңге тұратын ұялы телефонын, 16 жастағы қыздың 87000 мың теңгелік, ал тағы бір қала тұрғынынан 63000 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлаған. Кейін оны арзан бағаға сатып жіберген. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді Семей қалалық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов.

Соңғы жаңалықтар