Семейде сақшылар бір жасар сәби мен оның анасын құтқарды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өрт шыққан кезде әйел 1 жасар баласымен өз пәтерінде қамалып қалған, деп хабарлады ҚазАқпарат ШҚО ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйел жылытқышты іске қосып, өзге бөлмеге кеткен. Кейін залға келген ол жылытқыш жанындағы диван өртеніп жатқанын көрген. Келіншек дереу өрт сөндіру қызметіне хабарлап, баласын алып басқа бөлмеге шыққан. 5 минуттан соң оқиға орнына құтқарушылар келді.  

Құтқарушылардың айтуынша, көпқабатты тұрғын үйдің 9-шы қабатындағы оқыс оқиға жұмысты күрделендіре түсті. Олар жеткенде жиһаз, тұрмыстық техника өртеніп жатқан.

Алдымен өрт сөндірушілер пәтерге кіріп, бала мен оның анасына сыртқа шығуға көмектесті.  Өрт сөндірушілер 20 минуттай қызыл жалынмен күресті. 

Алдын ала нұсқа бойынша  өрт шығуына электр жабдығын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау себеп болған.

Жыл басынан электр жабдығын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан ШҚО-да тілсіз жаудың 174 жағдайы тіркелді, бір адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар