Семейде көше ортасында ер адамның жүрегі тоқтап қалған

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде көшенің ортасында келе жатқан ер азамат кенет көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Оқыс оқиға 25 сәуір күні кешкі сағат 17.00-де Чайжүнісов көшесі мен Шәкәрім даңғылы қиылысында орын алды. «Аладдин» сауда үйінің жанында келе жатқан ер адам аяқ асты құлап, оқиға орнында көз жұмған. Куәгерлер дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне хабар берген. Оқиға орнына келген дәрігерлер жүрек қызметінің жіті жетіспеушілігі деген алдын ала диагноз қойған.

«Полиция қызметкерлері азаматтың аты-жөнін анықтады. Ол - 1976 жылы туған қала тұрғыны. Қазір сот медициналық сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы шыққан соң азаматтың  нақты неден қайтыс болғаны белгілі болады», - деді Семей қалалық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов. 

Соңғы жаңалықтар