Семейде Ертіске батқан сәби іздестіріліп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде Ертіске батқан сәби іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасынан хабарлағандай, бүгін түнгі сағат 3:00-де Мирный кентінде Ертіске бір жарым жастағы сәбидің батып кеткені жөнінде ақпарат келіп түскен. Қазір оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Полиция қызметкерлері осыған байланысты Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Өйткені сәбидің 24 жастағы анасы оқиға кезінде баласының жанында болғаны мәлім болып отыр. Қазір құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар