Семейде Ертіс бойындағы ауылдарды су басу қаупі бар

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде Ертіс өзеніне жақын орналасқан шағын аудандар мен ауылдарды су басу қаупі бар. Осы орайда, қалада тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа биыл 16 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Семейде су тасқынына қарсы шаралар қолға алынуда. Себебі еріген қар суынан тұрғындар  жыл сайын зардап шегеді. Былтыр 50-ге жуық  үйді  су басып, тұрғындар баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған еді. Бүгінде төтенше жағдайды алдын алу үшін арнайы комиссия құрылып, қауіпті учаскелердегі тұрғындармен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.  

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметі бойынша, қазір Ертіс өзеніндегі су деңгейі  224 сантиметрге жетеді. Мұздың қалыңдығы - 47 см. Бұл қалыпты жағдай. Дегенмен кез келген уақытта Ертістің суы арнасынан асып, маңындағы үйлерге қауіп төңдіруі мүмкін. Сондықтан Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялауға сақадай сай дайын отыр. 

 «Қауіп Ертіс өзеніне жақын орналасқан үйлерге төніп тұр. Әсіресе, Лодочный және Жоламан шағын аудандарындағы, сондай-ақ қала маңындағы Түйемойнақ аралы,  Восход, Шығыс, Мирный кенттеріндегі баспаналарға қауіп бар. Біз қазірден алдын алу шараларын пысықтап, қар шығару жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Егер Ертіс суы арнасынан тасып, тұрғындарға қауіп төнетін болса, оларды қауіпсіз аймаққа көшіруге дайынбыз», - деді Семей қалалық ТЖБ Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Қымбат Көпбаев.  

 

 

 

Соңғы жаңалықтар