Семейде екі қаржы пирамидасы анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -  ШҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Семей қаласында қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық еткен 2 фактіні анықтады, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне.

Оны Семей қаласының үш тұрғыны (46 және 47 жастағы екі әйел) ұйымдастырған. Олар сауда үйлерінің бірінен кеңсені жалға алған.

Әзірге екі пирамиданың қызметінен келген шығын көлемі 700 мың  теңгеге бағаланып отыр. Алаяқтардың құрбанына  айналғандар 57 жастағы және 56 жастағы әйелдер. Залал мөлшері және алданған адамдардың саны бұдан  да көп болуы  мүмкін. Әзірге екі адамнан ғана арыз түсті, деп нақтылады ІІД.

ҚР ҚК 217-бабы бойынша қылмыстық өндіріс процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

 «Бұл қаржы пирамидасының қағидаты - қаржы ұйымның өкілдері қысқа мерзімде ауқымды табыс табуға уәде беріп, адамдарды жаппай тартады. Бұл ретте бірде-бір ұйым, бірде-бір банк қысқа мерзімде мұндай табысқа жете алмайтынына сендіреді. Егер адам өз қаражатын салса, пайыздық ставка салымшы үшін өте пайдалы екенін айтады», - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілі Әйгерім Нұрғазина.

Ұйым өкілдері, бір қарағанда, өте сауатты, клиентке ақпаратты жеңіл жеткізіп, әдемі буклеттер көрсетеді. Табыстың өсу серпінін түсіндіреді. Клиентке ақша салғаннан еш қауіп жоқтығын айтады. Клиенттердің қалай ақша табуға болады, қаражатты қайда салады деген сұрақтарына нақты әрі анық жауап бере алмаса да,  «мықты» әріптестері, «жоғары табысты» жобалары жайлы әңгімелер айта бастайды, деп атап өтті полициядан.

Соңғы жаңалықтар