Семейде дәрігерлердің салақтығы жергілікті тұрғынның наразылығын тудырды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде медбикенің қателігі ата-аналардың наразылығын тудыруда. Себебі, қаладағы емханалардың бірінің медбикесі 2 жастағы баланы гематологқа жіберудің орнына маммолог маманға жолдама жазып берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала тұрғыны емханаға 2 жастағы баласына гематолог дәрігерге жолдама алу үшін келген. Алайда медбике оны мамологқа жазып берген. Бұл қателікті қыздың анасы тек диагностикалық орталыққа келгенде бірақ-ақ көрген. Себебі, дәрігерлер мұндай жолдамамен баланы қараудан бас тартқан.

«Маған жолдаманың қате екенін тіркеу орнындағылар айтты. Тіпті гематолог дәрігерге кіріп жағдайды түсіндіру үшін де талон бермеді. Сондықтан емханаға барып қайтадан жолдама алуға тура келді келді»,-дейді қала тұрғыны.

Ал медбикенің жіберген қателігіне байланысты Семей қаласындағы облыстық денсаулық сақтау басқармасының маманы Жанар Сейтқазина жауап берді.

«Бұл медбикенің жұмысына мұқият қарамауынан болған. Қазір көптеген жас мамандардың жұмыс тәжірибесі аз. Сондықтан осындай жағдайлар болып жатады. Қазір көп жұмыс компьютер арқылы жүзеге асса да, дәрігерлер мен медбикелер бұрынғыдай қағазбастылықтан арылмаған. Мұның да себебі бар деуге болады»,-деді Жанар Сейтқазина.

Соңғы жаңалықтар