Семейде аспалы көпірден ер адам секіріп кетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейдегі аспалы көпірден Ертіс өзеніне секіріп кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін таңертең болды. Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы мен судан құтқару қызметіне куәгерлерден сағат 9.30-да ер адамның аспалы көпірден секіргені жайында хабар келіп түскен. Қазір оның денесін судан құтқару қызметінің 4 сүңгуірі здестіруде. Әзірге азаматтың аты-жөні белгісіз.

«Секіргенін көрген адамдар хабарлады. Қазір іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол секірді ме, әлде жоқ па нақты белгісіз. Кешке дейін туған-туысқандарынан бір хабар келіп түсетін шығар. Бірақ біз іздеуді бастап кеттік. Заң бойынша 3 күн іздеу жұмыстарын жүргіземіз», - деді Семей қалалық судан құтқару қызметінің бастығы Қуанышбек Байтуғанов. 

Соңғы жаңалықтар