Семейде анасы өзенге лақтырып жіберген бүлдіршінді іздестіру жұмыстары жалғасуда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні 7 сағат 50 минутта үш күн бұрын Ертіс өзеніне құлап кеткен бір жарым жасар қызды іздестіру жұмыстары қайта жалғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жақында іздестіру барысында қыздың күртесі табылғаны жарияланды. 2015 жылы туған бүлдіршіннің денесін іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетсек, Семей қаласының полициясы сәбидің анасына қатысты ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлімі («Адам өлтіру») бойынша ашық қылмыстық іс аясында тергеу жұмыстарын жүргізуде. Сол мезетте қасында болған бөбектің анасы ұсталды. Қыз баланы анасы өзенге лақтырып жіберді деген болжам бар. Қайғылы оқиға 23 қазан күні түнгі 3-те, Мирный ауылында болған еді. 

Соңғы жаңалықтар