Семейде 80 мектептің дені күрделі жөндеуді қажет етеді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде орта білім мекемелерін жөндеуден өткізу үшін биылғы жылға 217 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі күні қалада 80-ге жуық мектеп бар. Көбі күрделі жөндеуді талап етеді. Алайда қаржы тапшылығы - қолбайлау. Сондықтан алдағы 3 жылда ұзақ жылдар жөндеу көрмеген білім ошақтарында жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

Семей қалалық Білім бөлімінің бастығы Наталия Фесенконың айтуынша, 2017 жылы қалалық бюджеттен 30 млн 221 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп, 12 мектеп жөндеуден өткен. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады.

«Бүгінгі күні қалалық Білім бөлімінде жалпы білім беретін мектептерге жөндеу жүргізу үшін 531 млн теңгенің сметалық құжаты жатыр. Олардың ішінде, биылғы жылы 6 білім ошағына жөндеу жасауға қалалық бюджеттен 217 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ 748 млн теңгеге 6 мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалар бойынша сараптама қорытындысын күтіп отырмыз», - деді Наталья Фесенко. 

Соңғы жаңалықтар