Семейде 120 әскери қызметшіге баспана кілті табысталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Бүгін семейлік 120 әскери қызметшіге салтанатты түрде пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Оларды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов пен  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының генерал-майоры Нұрлан Қашағанов құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті.

 «Қоныс тойы бұл өмірдегі ең қуанышты күн. Мен өте қуаныштымын,  Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді баспанамен қамтығанына. Бұл әр отбасы үшін қуаныш. 120 әскери керемет баспанаға ие болып жатыр.  Тұрғындардың өз өміріне қуанғандарын қалаймын. Отанды, елді  қорғау жолында әрдайым дайын әскерилер алдағы уақытта да осы жолдан таймайды деп сенемін. Құтты болсын қадірлі жерлестер, бүгінгі мереке»- деді аймақ басшысы.
null  

 «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлім қызметкерлері бүгін жаңа қонысқа көшті. 5 қабатты 2 тұрғын үй еңбек өтілі 10 жылдан асқан және тұрғын үй кезегінде тұрған, көп балалы 120 отбасыға берілді. Еуропалық сапамен салынған 2 және 3 бөлмелі пәтерлер отбасы мүшелерінің санына байланысты табысталды.

Жаңа көпқабатты тұрғын үй қаладағы «Жастық шақ» шағынауданынан бой көтерді. Ол Қорғаныс министрлігінің әскерилердің отбасын баспанамен қамту жөніндегі арнайы бағдарламасы аясында салынды. Ел игілігіне берілген көпқабатты үйдің жалпы аумағы 1 гектар. 
null 

Соңғы жаңалықтар