Семей жұрты қала күнін тойлап жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңірде қар жауып, күн суытқанына қарамастан халықтың көңіл-күйі көтеріңкі, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Қаланың әр аумақтарында түрлі шаралар ұйымдастырылды. Жақында ғана қайта жаңғыртылған Ертіс жағалауында көрмелер ұйымдастырылып, көпшілік назарына концерт ұсынылды. Қолөнер шеберлерінің бұйымдары да ешкімді бей жай қалдырған жоқ. Жергілікті зауыттар мен фабрикалар да өнімдерін осында әкелген. Аяқ киімнен бастап, ауыл шаруашылығы техникаларына дейін бар. Мерекелік шаралар түн ортасына дейін созылады. Орталық алаңда гала-концерт пен айтыс өтіп, мереке отшашумен қорытындыланбақ.

«Қызылорда облысы Жаңақорған ауданынан келдім. Семейліктер, қала күндерің құтты болсын! Шаралары жақсы, қызықты, бәрі қолдан жасалған. Қала күніне қарсы келіп, мен де қызықтап жатырмын, көріп жатырмын, аралап жүрмін», - дейді қала қонағы Мәуілсім Әбдуаитова.

Соңғы жаңалықтар