Семей тұрғыны өзгенің жеріне үй салғаны үшін жауапқа тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде ер адам тиісті рұқсат қағаздарынсыз өзгенің жерінде үй салған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бөтен біреудің дәмхана саламын деп жүрген жеріне үй тұрғызған ер адам сол жердің иесінің ескертуіне құлақ аспаған. Жер телімінің иесі Семей қалалық сотына арызданады. Сотта осы факті бойынша азаматтық іс қаралып, салынған үйді бұзып, келтірілген залалды толық көлемде өтеу, сондай-ақ өкілге кеткен 30 000 теңге шығынды да төлеу туралы шешім шығарылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар