Семей-Шар темір жолы учаскесінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 09.20 кезінде Семей-Шар темір жолы учаскесінің Семей бөлімшесінде көмір тиеген №2305 жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Бұл туралы «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

 Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін «Қазақстан мемір жолы» ҰК» АҚ  құрған арнайы комиссияның мәліметі бойынша, вагондардың сырғуына алтыншы вагонның қапталының сынуы себеп болған. Темір жол төсемінің 400 метрі бүлінген. Оқиға орнында екі қалпына келтіру поездары жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ 70-тен аса маман жұмылдырылған.

Апат салдарынан кешігіп жатқан жолаушыларды «ҚТЖ» ҰК» АҚ автобустары тиісті жерлерге жеткізуде.

Соңғы жаңалықтар