Семей полигонын залалсыздандыру жайындағы қазақша үш томдық жарық көрді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семей полигонын залалсыздандыру жайындағы «Бұрынғы Семей сынақ полигонын қауіпсіз күйге келтіру жөніндегі ғылыми-техникалық және инженерлік жұмыстар кешенін жүргізу» атты үш томдық еңбек жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік тілде баспа бетін көрген жинақтың авторлары: Н.Ә.Назарбаев , В.С.Школьник, Е.Ғ.Батырбеков, С.А.Березин, С.Н.Лукашенко, М.Қ.Ысқақов  болды.

Бұрын хабарланғандай, үш томдықтың ағылшын тіліндегі нұсқасының тұсауы 2017 жылдың қарашасында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында кесілген болатын, ал орыс тіліндегі жинақ 2016 жылғы 29 тамызда Астанада өткен халықаралық конференция кезінде таныстырылған.

Жинақ Қазақстанның, шет елдердің ғылыми жұртшылығында үлкен қызығушылық тудырды. Өйткені ҚР Ұлттық ядро орталығының бұрынғы ССП әскери-өндірістік кешенін конверсиялау бойынша шетелдік әріптестерімен ынтымақтастықта жүргізген жұмыстарының, атом энергетикасы және радиоэкология қауіпсіздігі саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың қомақты тәжірибесін қамтыған.

Алдағы уақытта үш томдық жинақ университеттердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың ғылыми-кітап қорына, сондай-ақ еліміздегі кітапханаларға таратылады.

Соңғы жаңалықтар