Семей колониясындағы азаптау оқиғасына байланысты тергеу басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семей қаласындағы колонияда жазасын өтеп жатқан сотталушының видеожолдауы тексерілгеннен кейін, ҚР ҚК-нің 146-бабы («азаптау») бойынша  сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Тергеуді ШҚО прокуратурасының арнайы прокуроры жүргізуде.

Еске сала кетейік, өткен аптада әлеуметтік желілерде жазасын өтеуші ер адамның  бейнежолдауы тараған еді. Ол түрме қызметкерлерінен қысым көргенін және өзін-өзі бауыздамақ болғанын айтты.

Сонымен қатар Алматыдағы колонияда әйелдерді ұрып-соғу фактілері де тексеріліп жатыр.

Бас прокуратураның «ҚазАқпарат» ХАА-ның ресми сауалына берген жауабында, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды қорлауға жол берілмейтіні айтылады. Өткен жылы түрмедегілерді азаптағаны үшін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 6 қызметкері сотталған. 2016 жылы 4 қызметкер бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар