Семей әуежайының ұшу-қону жолағын су басқандықтан барлық әуе рейстері тоқтатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде ұшу-қону жолағын су шайып кеткендіктен, барлық әуе рейстері тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Семей әуежайында ұшу-қону жолағының бетонды жабындыларына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған орай бүгін барлық әуе рейстері тоқтатылды.

«Бұл жаңбырдың салдарынан болып тұратын жағдай. Басқадай бүлінген ештеңе жоқ. Кепкеннен кейін әуежай жұмысын қайта жалғастырады», - деп түсіндірді әуежай қызметкерлері. Сондай-ақ, әуежай қызметкерлері Семей әуе айлағының рейстері бүгін 17.00-ге қарай ретке келтірілетіндігіне уәде етті.  

Соңғы жаңалықтар