Семей әкімі жолаушылар автобусы апатының себебін атады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов 15 ақпан күні жолаушылар автобусының аударылуына не себеп болғанын айтты, деп хабаралайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бейсенбі күні Семей қаласының Шығыс кентіне бет алған маршруттық автобус аударылған болатын. Апат салдарынан 3 адам ауруханаға түсті.

«Оқиға бақылау камерасына түсіп қалған. Соған қарап, апатқа жүргізушінің кінәлі екенін анықтадық. Автобус солға қарай бұрылыс жасар кезде сағатына 37 шақырым жылдамдықпен келе жатқаны белгілі болды. Оның жылдамдығы сағатына 10 шақырымнан аспауы тиіс еді. Салдарынан автобус аунап кеткен. Жолға көктайғаққа қарсы материал себілген. Оның бәрі видеода анық көрініп тұр» - деп келтірілген Ермак Сәлімовтың сөздері әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар