«Селтик» - «Астана» матчы Қазмедиа орталығының бас экранынан көрсетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Селтик» пен «Астана» командаларының алғашқы матчы 16 тамызда Глазгода өтеді, ал қарымта кездесу 22 тамызда елордада «Астана-Арена» стадионында өтеді деп күтілуде, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

16 тамыздан 17 тамызға қараған түні сағат 00.45-те «Астана» және «Селтик» командалары арасында өтетін ойын Арбатта жазғы кинотеатрдың экранында және Қазмедиа орталығының Нұржол желекжолы жағында орнатылған бас экранынан тікелей эфирде көрсетілетін болады. Ойын Еуропа футболындағы ең беделді турнир - УЕФА Чемпиондар лигасының аясында өтпек.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы маусымда «Астана» ФК еуропалық турнирдің 2 және 3 іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтті, Елордалық команда Латвияның «Спартак» (1:0, 1:1) және польшалық "Легия" (3:1, 0:1) командаларын ұтқан болатын. «Астананың» қарсыласы «Селтик» командасы Солтүстік Ирландияның "Линфилд"  (2:0, 4:0) және норвегиялық "Русенборг" (0:0, 1:0) клубтарын ұтқан.  

Соңғы жаңалықтар