Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 17 °С
Алматы: 27 °С
USD 326.17 EUR 401.25
RUB 5.31 CNY 51.84
Жаңалықтар

Сексеннен асқан кейуана ешкі бағып, сүтінен құрт-ірімшік жасайды

2018 жылғы 19 наурыз 09:47 1290
Бөлісіңіз:
Сексеннен асқан кейуана ешкі бағып, сүтінен құрт-ірімшік жасайды

  ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Сексен жастағы қостанайлық Сәулима Ахметова мал бағып, бала-шағасын ет-сүтпен қамтамасыз етіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зейнеткер Сәулима Ахметова ала жаздай сүт, айран, құрт-ірімшік іздеп, дүкен аралап көрген емес. Самайын әлдеқашан аққырау шалған қария әлі тың, қимылы ширақ. Ешкі бағып, сүтін сауады. Ауласында шағын қорасы бар. Ата кәсіппен шұғылданып келе жатқан ол былтыр сексен жасқа толды.

«Қолымдағы он-он бес шақты ешкім жыл он екі ай ермек. Жазда қаймақ-май үзілген емес. Қыста  жылы қорада ұстап, жем-суын уақытылы беріп отырамын. Бір жағынан, қимыл-қозғалыссыз отыра алмаймын. Қаланың шет жағында тұрғандықтан, көк шыға сала ешкілерді бір мезгіл сыртқа бағып келемін. Мал жайып жүріп, көршілерімді көремін. Әңгімелесіп, уақыттың қалай өткенін білмей қаласың», - дейді кейуана.

Сексеннен асқан кейуана ешкі бағып, сүтінен құрт-ірімшік жасайды 

Бұл кісі әр ешкінің жайын жақсы біледі. Біріне тәтті ұсынып, енді біріне өз қолымен нан беруі -күндегі әдеті. Ауылдан көшер кезде ешкілерін өзімен кірге ала келіпті. Қазір түліктер түгел лақтады. 

«Осы жасқа келіп, ширақ жүруім тынымсыз еңбек, таза тағамның арқасы.  Жұмыстың жаманы жоқ. Адам кез келген жұмысты бастарда бар ынтасымен кірісуі керек. Қалада тұрып та мал ұстауға болады. Бір жағынан, ешкі малы өсімтал, тез көбейеді. Күніне екі рет сауып аламын. Олардың әрқайсысы 1,5-2 литрден сүт бергеннің өзінде күніне 1 шелек шығады. Ешкі сүті жеңсік ас, оның емдік қасиеті де мол», - дейді Сәулима әжей.

Сексеннен асқан кейуана ешкі бағып, сүтінен құрт-ірімшік жасайды 

Мамандардың сөзінше, ешкі сүті - А, С, В, Д, Е дәрумендері мен басқа да микроэлементтер қорының қайнар көзі болғандықтан адам ағзасына өте пайдалы өнім.

«Бұл үй жануарының сүтін сүйегі сынған адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сынығы бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады. Ешкі сүтінде аллергиялық реакциялар тудыратын ақуыз жоқ. Сондықтан аллергиясы бар балаларға ешкі сүті  таптырмас ем. Әсіресе, асқазан ауруларына, анемияға, көздің нашар көруіне, диатезге пайдасы мол», - дейді облысқа танымал ардагер-дәрігер Мұхтар Бөрібаев.

Сексеннен асқан кейуана ешкі бағып, сүтінен құрт-ірімшік жасайды 

Сексеннен асқан Сәулима Ахметова кейінгі буын ата кәсіптен қол үзіп қалмаса екен деп тілейді. Сол үшін де балалары қалаға көшіріп әкелу жайлы айтқанда: «Мал ұстайтын қора-жай болса ғана барамын», - деп талап қойыпты. 

Қазір ол бір өзі үш отбасын құнарлы, табиғи тағаммен қамтиды. Артылғаны - көрші-қолаңның несібесі. Сәулима әжей адал еңбек түпкі мақсатқа жеткізетіндігін кейінгі ұрпақтарына ұдайы айтып отырады.

 

 


Басты сөздер: Қостанай облысы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат