Сегіз дүркін олимпиада чемпионы Пхёнчханға бармайтын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қысқы ойындар тарихындағы ең атақты спортшы саналатын биатлоннан сегіз дүркін олимпиада чемпионы, норвегиялық Уле-Эйнар Бьорндален Пхёнчхандағы Олимпиадаға қатысатын ұлттық команданың құрамына кірген жоқ.

Мұндай шешімді Норвегияның Ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) дүйсенбі күні қабылдады, деп хабарлайды ТАСС.

Елдің ҰОК басшысы Туре Эвребёнің айтуынша, биылғы маусымда спортшының нәтижесі олимпиада ойындарына қатысуға жеткіліксіз болған.

27 қаңтарда 44 жасқа толатын Бьорндаленнің қанжығасында 13 олимпиада наградасы бар. Оның сегізі - алтын. Норвегиялық 20 рет әлем чемпионатында жеңіске жетіп, алты рет Әлем кубогының иегері атанды.

Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында 9 ақпанда басталады. 

Соңғы жаңалықтар