Щучинскіде қыс ортасында жылу қазандығы істен шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазір бүлінген қазандық қосылған тұрғын үйлерге жылу беруді қалпына келтіру шаралары жасалуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әрқайсысының қуаты 0,5 МВт болатын 4 электр қазандығы орнатылып жатыр. Құрылғыларды орнатып, жылуды қалпына келтіру үшін оған арнайы ғимарат дайындалды. Бұған жұмсалған қаражатты  қазандықтың иесі  «Көкшетау Энерго» ЖШС шығарды.

Айта кетерлігі, қазандық ведомстволық екі қос қабатты үй мен үш жекеменшік қоспәтерлі үйді жылытып тұрған болатын. Мұнда барлығы 71 адам тұрады.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 27 желтоқсан күні сағат 12.50 шамасында Щучинск қаласындағы жылыту қазандықтарының бірінде апат болды. Оқиға орнына жедел жеткен Ақмола облысы әкімінің орынбасары Василий Крылов Бурабай ауданындағы төтенше оқиға бойынша жедел комиссия отырысын өткізді. Аталған ауданда жылыту пункттері жасақталып, тұрғындар пәтерлерінен уақытша осы жерге келді.

Соңғы жаңалықтар