Scat әуе компаниясының ұшағы Астанадан Египетке ұша алмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Scat әуе компаниясының ұшағы техникалық себептермен Египетке, Шарм-эль-Шейх курорттық аймағына ұша алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Scat компаниясының хабарлауынша, ұшу алдында әуе кемесін дайындау кезінде қосымша қызмет көрсету қажеттілігі туындаған. Компания мұндай жағдайдың кез келген әуе компаниясында кездесетінін атап өтті. 

«Жолаушыларды ұзақ бөгемеу үшін ұшақты өзге бортқа ауыстыру жөнінде шешім қабылданды. Өзге қалалардан келген жолаушылар қонақ үйге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілді. Жергілікті жолаушылар үйлеріне қайтарылды, ұшаққа кешікпеу үшін оларға алдын ала хабар беріледі», - деп хабарлады Scat.

Әуе компаниясының хабарлауынша, қазір Египетке жіберілетін өзге ұшақ әзірленуде. Бұл біршама уақытты қажет етеді.

Фото: newstracker.ru

Соңғы жаңалықтар