Сайт домендері неге орысша - Егемен Қазақстан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің 8 желтоқсан күні жарық көрген №237 санында «Сайт домендері неге орысша» атты мақала жарияланды.  

Аталған мақалада автор мекеменің айнасы саналатын ресми интернет-ресурстардың атауы не мемлекеттік тілде, не болмаса халықаралық стандарттарға сай ағылшын тілінде болуы тиіс деген ой айтады. «Осы бір қарапайым заңдылықты кейбір мемлекеттік ұйымдар ескере бермейтін секілді. Бірінде домендік атау орысша жазылса, бірінде сайт орыс тілінде ашылады. Осыған орай, біз барлық министрліктер мен облыс әкімдіктерінің, конституциялық маңызы бар органдардың және ұлттық компаниялардың ресми сайттарына шолу жасап, аталған олқылықты түзеуге асықпайтын мекемелерді тізіп шықтық», - дейді автор.   

Мақалада айтылғандай, Үкімет құрамындағы 16 министрліктің төртеуі өз сайттарын орысша атауды жөн көрген екен. Мәселен, Денсаулық сақтау министрлігі - mz.gov.kz (Министерство здравоохранения), Ауыл шаруашылық министрлігі - mcx.gov.kz (Министерство сельского хозяйства), Мәдениет және спорт министрлігі -  mks.gov.kz (Министерство культуры и спорта), Ішкі істер министрлігі - mvd.gov.kz (Министерство внутренних дел). Үш министрлік қазақ тіліне басымдық берген. Олар: Әділет министрлігі - adilet.gov.kz , Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  - enbek.gov.kz , сондай-ақ Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі - diakom.gov.kz . Қалғаны түгелдей ағылшын тілінде екен.

Газеттің осы нөміріндегі «Трамп отқа май құйды» атты мақалада халықаралық саяси аренадағы маңызды оқиғаны шетелдік БАҚ-тар мен саясаткерлер, саяси сарапшылар қалай бағалағаны туралы шолу жасалды. 

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы екендігін айтып, Американың Тель-Авивтегі елшілігі аталған қалаға көшірілетіндігін мәлімдеген болатын. Бұл шешімге Израиль Премьер-Министрі қолдау білдірсе, өңірдегі мемлекет басшылары, Еуропа елдері, Араб мемлекеттерінің лигасы түгелдей қарсы шықты. Сарапшылар мен саясаткерлердің айтуынша, бұл өңірдегі шиеленісті одан әрі күрделендірмек.

«Егемен Қазақстанның» осы нөмірінде «Астана - Мәңгілік елдің мерейі», «Көл қорыған қызғыштай» және басқа да толымды дүниелер жарияланды.

Соңғы жаңалықтар