Сайрамда төрт көлік ұрланды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында төрт көлік ұрланды. Өңірдің тәртіп сақшылары осы 4 ұрлық дерегіне қатысы бар деген қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Сайрам аудандық ішкі істер басқармасына  жергілікті тұрғын арызданып, онда белгісіз тұлғаның үйінің ауласында тұрған жеңіл автокөлігін жасырын айдап кеткенін көрсеткен. Артынша дәл осындай арыз ауданның тағы үш тұрғынан түскен. Аталған деректер бойынша тәртіп сақшыларынан  арнайы жедел тобы құрылып, жан-жақты іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде, ізі суымай осы қылмыстарға қатысы бар деген үш күдікті ұсталды.Тергеу барысында  топ мүшелерінің ұрлық әрекеттерін түнгі уақыттарда іске асырғаны анықталды. Олар жеке үйлердің ауласында және көше бойында тұрған қараусыз автокөліктерді ұрлап отырған. Қолды болған автокөліктерді қала сыртына айдап әкетіп, доңғалақтары мен аккумуляторларын шешіп келген. Сөйтіп,  сату орындарына өткізіп жүріпті.  Қазіргі  таңда ұсталғандардың үстінен Қылмыстық кодекстің «Автомобильді немесе көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иемденіп алу» бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынып, олардың  басқа да ұрлық қылмыстарына қатыстылығы тексерілу үстінде.

Соңғы жаңалықтар